«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Астанадағы алаяқтық: Шетелге шығамыз деп миллиондап қаржы құйған 60 адам алданып қалды

Астаналық компания шетелге шығу үшін миллионнан аса қаржы құйған 60-қа жуық адамды алдап кеткен
көрнекі сурет

«Олар қызмет үшін 140 мың теңге алды. Екі адамға 280 мың теңге төледім. Бірақ олар көбірек ақша төлеңіз, елшілікке ақшаңыз көп екенін көрсетуіміз керек деп айтты. Мен, шотымда ақша бар, соны бақылайды, деп айттым. Алайда олар, болмайды, біз өзіміз көрсетеміз деді. Сосын оларға миллион теңге аудардым», –дейді Батырбек.

Ал Райгүл есімді қазақстандық адвокаттарға жүгінгенін айтты.

«Адвокаттар Есіл аудандық полициясына хабарласты. Сөйтсек бұл істе 60 адам зардап шегуші ретінде шағым түсірген екен. Келтірілген шығын көлемі 200 миллион теңгеден асады», – дейді Райгүл.

Қазір бір топ заңгер астаналықтарға құқықтарын қорғауға көмектесіп жатыр.

«Бұл іс толық зерттелмеген деп есептеймін. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілмеген. Уәкілетті органдардан дәлелдемелер талап етілмеген. Бұлар тиісті түрде жүргізілуі керек еді», – деді заңгер Вероника Ким.

Бұл іспен Астана қаласы Есіл аудандық полиция басқармасы айналысып жатыр екен. Олардың мәліметінше, бұл іс бойынша әзірге күдіктілер жоқ.

«Астана қалалық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты 190-бап (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазір 55 азамат зардап шеккен деп танылды. Келтірілген шығын көлеміне келсек, тергеу оның толық көлемін әлі анықтаған жоқ», – делінген хабарламада.

Ал компанияның атқарушы директоры барлық ақшаны 30 сәуірге дейін қайтаратынын мәлімдеді. Алайда, халық бұған дейін де осындай жазбаша уәделер алғанын айтып, сенбей отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ер адам 180 қазақстандықты Меккеге қажылыққа апарамын деп алдап кеткені туралы жазған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда үш шетелдік қамауға алынды

«Өтірік құрылтайшылар мен жалған қолтаңба»: Сот Перизат Қайрат құрған қорды таратты

Қазақстандықтар Magnum сауда үйіне «Байкот» жариялады

Пікір жазу