«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

«55 мың теңге – бір айға емес, бір күнге де жетпейді!»:Қазақстанда миллион адам кедейлік шегінде өмір сүреді

«50 мың теңге бір күнге де жетпейді»: Халық күнкөріс шегінің шынайы өмірмен қабыспайтынын айтып отыр

Қазақстанда шамамен бір миллионға жуық азаматтың айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәуірінде 2%-ға өсіп, 55 мың теңгеге жеткен. Алайда тұрғындар бұл соманың қазіргі нарықтағы жағдайға сай келмейтінін айтып, күн сайын өсіп жатқан бағаның астында жаншылып отырғандарын жеткізді.

«50 мың теңге тіпті бір күнге де жетпейді»

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым бөлігі қазіргі тұтыну бағалары мен табыс деңгейі арасындағы алшақтық тым артып кеткенін алға тартады.

– «400 мың теңгенің өзін жеткізу қиын. Басқасын айтпағанда, еттің келісі 3 мың теңгеден басталады. Ал 50 мың теңге бір күнге де жетпейді», – дейді тұрғындардың бірі.

– «190 мың теңге айлығым ештеңеге жетпейді», – деп қосты тағы бірі.

Экономистер не дейді?

Мамандардың пікірінше, ең төменгі күнкөріс деңгейі халықтың нақты қажеттіліктеріне сай келуі тиіс. Экономист Бауыржан Ысқақов бұл көрсеткіштің ең төменгі жалақы деңгейімен тығыз байланысты екенін айтады:

– «Біз бір адамға ең төменгі жалақыны 85 мың теңге деп белгілейміз де, оның өмір сүруіне қажет соманы 50 мың теңге деп жоспарлаймыз. Бұл – қисынсыз. Кем дегенде тұтыну себетін 130 мың теңгеге дейін көтеру қажет», – дейді ол.

Сарапшының айтуынша, қазіргі тұтыну себеті халықаралық стандарттарға сай емес. Себетке кіретін азық-түлік пен қызмет түрлерінің саны шектеулі. Бұл өз кезегінде күнкөріс шегінің төмен болып қалыптасуына әсер етіп отыр. Ысқақов азаматтардың өмір сапасын жақсарту үшін тұтыну себетін қайта қарау қажет екенін баса айтты.

Мәселе тек санда емес, сапада

Халықаралық тәжірибеде ең төменгі күнкөріс деңгейі елдегі орташа айлықтың кемінде үштен бірін құрауы тиіс. Ал Қазақстанда бұл арақатынас сақталмайды. Сонымен қатар, күнкөріс деңгейі тек азық-түлікке емес, тұрғын үй, көлік, денсаулық сақтау, білім беру сияқты басқа да маңызды қажеттіліктерді ескеруі тиіс.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ елі белгілі этнограф Болат Бопайұлын ақтық сапарға шығарып салды

Қазақ тіліне құрметсіздік көрсеткен дүкен жұрт наразылығын тудырды

Redaktor Shyn-Ar

Шығыс Қазақстан облысының 4 ауданы бұрынғы уақыт белдеуіне көшті

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу