«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБасты ақпаратРуханиятТаным

Аңның киесі: Ұрпақ жадында қалған тылсым оқиға

Аң құстың киесі
Көрнекі сурет

«Аңның да киесі бар» – бұл сөз қазақтың санасына бала кезден сіңіп кеткен. Табиғатпен үндестікте өмір сүрген халық үшін аң-құс жай жаратылыс емес, олар – тіршіліктің тең құқылы иесі, киесі бар жаратылыс. Жазушы, сатирик Нұрмахан Елтай осы ұғымды өз әңгімесінде нақты оқиғамен жеткізеді.

Ол әңгімесінде аңшылықты серік еткен, қолынан мылтығы түспеген Мылтықбай мергеннің бір оқиғасын баяндап берді. Бірде орманды аралап жүріп, мергеннің көзіне қырғауыл түседі. Атса – түсіп, қайта көтеріледі. Оқ тимейді. Екінші рет атады – дәл сол көрініс қайталанады. Үшінші рет көздеуге ниеттене бергенде, аяқ астынан бойын бір үрей билейді. Көз алдына бабасы Байбота туралы ел аузындағы тылсым оқиға оралады.

Байбота бабасы кезінде мал бағып жүріп, көкте самғап ұшқан қаздарға мылтықты бағыттайды. Сол сәтте әлдебір қаһарлы дауыс: «Ей, Байбота! Жердегі аңға қанағат етпей, енді көктегі құсқа ауыз салдың ба?!» – дейді. Абдырап аспанға қараған Байбота сол жерде есінен танып, жерге құлайды. Кейін оны малшылар тауып алып, үйіне жеткізеді. Алайда содан кейін Байбота 9 жыл бойы «Басыр» (аяқастынан екі көзі бірдей көрмей қалған соқыр) боп төсек тартып жатып қалады. Аңның да, құстың да киесі бар деген сөзді осыдан кейін ауыл адамдары бек сеніммен айтып жүреді.

Мылтықбай осы оқиғаны есіне түсіріп, үшінші мәрте мылтық атудан бас тартады. Бірақ сол күннен кейін оның да өмірінде күтпеген бір қиындықтар басталады. Тағдыр оған да бір белгі бергендей болады.

Бұл оқиға – жай ғана аңыз немесе қорқынышты хикая емес. Бұл – қазақтың табиғатпен байланысынан туындаған терең таным. Аң-құсқа обал жасамау, қажетсіз қан төкпеу, артықтыққа бармау – көшпелі халықтың адамгершілік кодексі. Аңшылықтың да өз әдебі бар, ал киені тану – әрбір қазақтың рухани жауапкершілігі.

 

@shynar.kz4«Аңның да киесі бар» – бұл сөз қазақтың санасына бала кезден сіңіп кеткен. Табиғатпен үндестікте өмір сүрген халық үшін аң-құс жай жаратылыс емес, олар – тіршіліктің тең құқылы иесі, киесі бар жаратылыс. Жазушы, сатирик Нұрмахан Елтай осы ұғымды өз әңгімесінде нақты оқиғамен жеткізеді. Ол әңгімесінде аңшылықты серік еткен, қолынан мылтығы түспеген Мылтықбай мергеннің бір оқиғасын баяндап берді. Бірде орманды аралап жүріп, мергеннің көзіне қырғауыл түседі. Атса – түсіп, қайта көтеріледі. Оқ тимейді. Екінші рет атады – дәл сол көрініс қайталанады. Үшінші рет көздеуге ниеттене бергенде, аяқ астынан бойын бір үрей билейді. Көз алдына бабасы Байбота туралы ел аузындағы тылсым оқиға оралады. Байбота бабасы кезінде мал бағып жүріп, көкте самғап ұшқан қаздарға мылтықты бағыттайды. Сол сәтте әлдебір қаһарлы дауыс: «Ей, Байбота! Жердегі аңға қанағат етпей, енді көктегі құсқа ауыз салдың ба?!» – дейді. Абдырап аспанға қараған Байбота сол жерде есінен танып, жерге құлайды. Кейін оны малшылар тауып алып, үйіне жеткізеді. Алайда содан кейін Байбота 9 жыл бойы төсек тартып жатып қалады. Аңның да, құстың да киесі бар деген сөзді осыдан кейін ауыл адамдары бек сеніммен айтып жүреді. Мылтықбай осы оқиғаны есіне түсіріп, үшінші мәрте мылтық атудан бас тартады. Бірақ сол күннен кейін оның да өмірінде күтпеген бір қиындықтар басталады. Тағдыр оған да бір белгі бергендей болады. Бұл оқиға – жай ғана аңыз немесе қорқынышты хикая емес. Бұл – қазақтың табиғатпен байланысынан туындаған терең таным. Аң-құсқа обал жасамау, қажетсіз қан төкпеу, артықтыққа бармау – көшпелі халықтың адамгершілік кодексі. Аңшылықтың да өз әдебі бар, ал киені тану – әрбір қазақтың рухани жауапкершілігі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанға ең көп инвестиция салатын елдердің тізімі жарияланды

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 143 мың теңгеден асты

Redaktor Shyn-Ar

USAID және ЛГБТ ұйымдарына қарсы петиция жарияланды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу