«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметҚұқық

Жеті жасар ұлды зорлаған Amanat партиясының экс-депутаты өмір бойына сотталды

Сот AMANAT партиясының экс-депутаты және Ақсу ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Серікқан Жақыповтың ісі бойынша үкім шығарды.

Ақсу аудандық әкімі аппаратының бұрынғы басшысы өткен жылдың жазында ұсталды. Жеті жасар ұлын зорлады деп, шенеуніктің туысқаны оған қарсы арыз жазған. Сараптама қорытындысы зорлау фактісін растады.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов AMANAT партиясының экс-депутатын кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Жақыпов 2020 жылға дейін әкімдікте қызмет атқарды, кейін аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Экс-депутат мемлекеттік қызметкерлердің этика мәселелерімен айналысқан.

Ұқсас жаңалықтар

Еліміздегі барлық шахталарды тексеру қажет — Мақсат Толықбай

Redaktor Shyn-Ar

Баласы аулада боқтаса, ата-анаға айыппұл салынады

Redaktor Shyn-Ar

Алматыда блогердің аутизм туралы айтқаны үшін полиция тергеу бастады