«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

АҚШ орынсыз қадамдарын тоқтатпаса, бейжай қарап отырмаймыз – Қытай

АҚШ орынсыз қадамдарын тоқтатпаса, бей-жай қарап отырмаймыз – Қытай
ашық дереккөзден

Қытайда “екі сессия” аясында өткен баспасөз конференциясында ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И тарифтер мәселесі бойынша Қытайдың ұстанымын мәлімдеді.

Қытай Сыртқы істер министрлігі өкілі былай деп мәлімдеме жасады.

«Егер ісіңіз сәтсіз болса, оның себебін ең алдымен өзіңізден іздеңіз». Америкалықтар осы жылдар ішінде тарифтік және сауда соғыстарынан не ұтты? Сауда тапшылығына не болды? Ол азайды ма, әлде керісінше ұлғайды ма? Өндірістік бәсекеге қабілеттілік қалай өзгерді? Күшейді ме, әлде керісінше әлсіреді ме? Инфляция жағдайы қалай? Жақсарды ма? Халықтың өмірі жақсарды ма? – деді Ван И.

Оның сөзінше, Қытайдың АҚШ-пен сауда қатынастары өзара және тең негізде құрылады.

Ынтымақтастық өзара пайда әкеледі, ал егер орынсыз қадамдар тоқтатылмаса, Қытай бей-жай қарап отырмай, жауап әрекет етеді, — деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі Ван И.

Ұқсас жаңалықтар

«Әуежайдың қауіпсіздік қызметі жауапкершілікке тартылады»: ІІМ Алматыда қызметкерді кепілге алған күдіктіге қатысты пікір білдірді

Тоқаев Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтты

Redaktor Shyn-Ar

Астанадағы ақылы автотұрақтар: әкімдік компаниямен келісімшартты бұзады

Пікір жазу