«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпарат

Абай облысында шенеуніктерге 400 миллион теңгеге жиһаз алынады

Абай облысының әкімдігі үнем режиміне қарамастан, 400 миллион теңгеден астам сомаға жиһаз сатып алмақ

Президенттің мемлекеттік шығындарды қысқарту жөніндегі тапсырмасына қарамастан, Абай облысының әкімдігі құны 410 389 267,87 теңгені құрайтын кеңсе жиһазына тапсырыс берді. Тиісті мемлекеттік сатып алу тендері Абай облысының қаржы басқармасы арқылы жарияланған.

Сатып алынатын жиһаз тізіміне облыс әкімінің жеке кабинетін жабдықтау да кіреді. Атап айтқанда, әкімге арналған жұмыс үстелі, брифинг-префикс, бірнеше шкаф, журнал үстелі, әкімге арналған былғары кресло, екі келушіге арналған кресло, үш орындық және екі орындық дивандар сатып алынбақ. Техникалық сипаттама бойынша жиһаз табиғи шпоннан жасалып, жұмсақ бөліктері былғарымен қапталуы тиіс.

Сонымен қатар, әкімдік ғимаратындағы басқа да кеңселер мен мәжіліс залдарын жабдықтау көзделген. Атап айтқанда:

  • 632 дана жылжымалы шкаф,

  • 557 жұмыс үстелі,

  • 519 құжаттарға арналған шкаф,

  • 440 киімге арналған шкаф,

  • 398 сервистік шкаф,

  • 115 басшылық үстелі,

  • 99 брифинг-префикс,

  • 91 келушілерге арналған кресло сатып алынбақ.

Жиһаздың мұндай көлемде және қымбат материалдардан жасалуы қоғамда сұрақ тудырып отыр. Бұл тапсырыс үнемдеу мен ашықтық талаптарына қаншалықты сай келетіні – қоғам талқысына түсіп үлгерді.

Ұқсас жаңалықтар

Қостанай облысында прокурорлар заңсыз кен іздеушіліктің жолын кесті

shyn_ar_admin

«Ұйқысыз қалды»: Астанада автобус апатынан аяғынан айырылған қыздың қазіргі жағдайы белгілі болды

Ғашықтар күні неге 15 сәуірде атап өтіледі?

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу