«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратэкономика

Астанада агрожобаға бөлінген 297 млн теңгені жымқыру дерегі анықталды

Астанада Қаржылық мониторинг агенттігі «Ғылым қоры» арқылы бөлінген 297 млн теңгені жымқыру дерегін анықтады. Қаражат өсімдік майын тазарту және регенерациялау өндірісін іске қосуға арналған.

ҚМА мәліметінше, 2023 жылы кәсіпкерге ғылыми жобаны коммерцияландыру үшін 350 млн теңге грант берілген. Алайда ол қаражатты жалған келісімшарттар арқылы өзіне қатысы бар компаниялардың шоттарына аударған.

Жоба бойынша тот баспайтын болаттан жасалған үш өндірістік желі сатып алынуы тиіс болған. Оның орнына техникалық талаптарға сай келмейтін екі қондырғы алынған. Өндіріс іске қосылмай, өнім өндіру мен сату басталмаған.

Сонымен қатар жобаны тексерген «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының» қызметкеріне 1,7 млн теңге пара берілген. Ол анықталған заңбұзушылықтарды көрсетпей, жобаны әрі қарай қаржыландыруды ұсынған.

Қазір екі күдікті қамауға алынды. Олардың алты автокөлігіне, пәтері мен жабдықтарына тыйым салынған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда эколог-блогер, «Байтақ» жасылдар партиясының бұрынғы хатшысы Ерлан Қыдырбаев та ғылыми жобаларға бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген еді. Бұл іс бойынша мемлекетке келген шығын шамамен 150 млн теңге деп бағаланған.

Ұқсас жаңалықтар

«Ішіп алып ұрған»: Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы басқа балаларға да күш көрсеткен

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев жаңа Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады

Халқымыз алға қарай адымдап қадам басты — Тоқаев