«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Аймақтарэкономика

ШҚО-да 4 мыңнан астам адамды банкрот деп танудан бас тартылды

ШҚО-да 4 мыңнан астам адамды банкрот деп танудан бас тартылды
көрнекі сурет

Шығыс Қазақстан облысында жаңа заң күшіне енгелі бері нақты қанша адамның банкрот деп танылғаны белгілі болды.

Қазақстанда 2023 жылдың 3 наурызынан бастап халықтың қарыздық жүктемесін азайтуға бағытталған жаңа заң күшіне енген. Оның ШҚО-да іске асырылу барысы туралы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов айтып берді.

— Заң шыққалы бері өңірде соттан тыс банкроттық рәсіміне 5 927 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 651 азамат банкрот деп танылса, 4 145 өтінішке бас тартылған. Ал сот арқылы банкроттық рәсіміне 91 өтініш берілді. 22 адам банкрот деп танылып, 15 іс бойынша рәсім жалғасып жатыр. Қалған өтініштер қараусыз қалдырылған немесе кері қайтарылған, — деді ол.

Бұдан бөлек, несие төлеу қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 19 адам таңдаған. Оның ішінде 8 іс бойынша қарызды қайта құрылымдау жоспары бекітілді.

Еске салсақ, банкрот деп танылған қазақстандықтардың 120 млрд теңге қарызы кешірілгені хабарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа шетелдік әуекомпаниясы Алматыға рейс ашады

Мопедті қалай тіркеуге болады — ІІМ түсіндіріп берді

Блогерлер кірістерін 53 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу