«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпаратэкономика

Ұлттық қор — ұрылар қоржыны ма? Павлодарлық шенеуніктің масқара ісі

Павлодар жемқорлық
Көрнеі сурет

Павлодар аудандық прокуратурасы тексеру барысында Кеменгер ауылында салынған спорт-сауықтыру кешеніне қатысты заң бұзушылықтарды анықтады. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат шеңберінде бой көтерген бұл әлеуметтік нысанның құны 382 миллион теңгені құраған. Алайда, жобаны іске асыру кезінде бюджеттік қаражаттың бір бөлігі желге ұшқан.

Прокуратура дерегіне сүйенсек, нақты сектор экономикасы бөлімінің бұрынғы басшысы өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, мердігер компанияға нақты орындалмаған жұмыстар үшін 158 миллион теңге көлемінде төлем жүргізуге ықпал еткен.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы (Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалып, істі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне тапсырылған.

Павлодар облысының аралық соты бұрынғы шенеунікті кінәлі деп тауып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Бұл оқиға ел қаржысының әр теңгесі қатаң бақылауда болуы тиіс екенін тағы бір рет еске салды. Ұлттық қор қаражатының тиімсіз әрі заңсыз жұмсалуы – қоғам үшін үлкен қауіп әрі сенім дағдарысына апаратын фактор.

Ұқсас жаңалықтар

Президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды

Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және қайтару ережелері жаңартылды

Пікір жазу