«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпарат

Жауын-шашын аз, 36 градусқа дейін ыстық: Қазақстанда мамыр айындағы күн райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды – көктемнің соңғы айы жылы болады.

Синоптиктердің болжауынша, мамыр айында ауаның орташа температурасы Қазақстанның көп бөлігінде нормадан 1° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Жетісу, Абай облыстарында нормаға жуық болады деп күтілуде.

Мамырда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз, еліміздің солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстік-шығысында нормаға жақын болады деп болжанып отыр.

Мамырдың бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел, шаңды дауыл күтіледі, тек жекелеген күндері республика аумағында көшпелі бұлтты күн райы болжанып отыр, жауын-шашын аз түседі.

Ауа температурасы келесі диапазонда болады деп күтіледі:

елдің батысында түнде +4…+9°С-тан +9…+14°С дейін, күндіс +15…+20°С-тан +22…+30°С дейін;

республиканың оңтүстік-батысында түнде +10…+15°С пен +12…+20°С аралығында, күндіз +20…+25°С-тан +25…+33°С дейін;

солтүстік-батыста, солтүстікте, Қазақстанның орталығында түнде 0…+5°С, 1-6°, +8…+15°С дейін, күндіз +10…+18°С-тан +23…+30°С дейін.

республиканың оңтүстігінде ауа температурасы түнде +5…+12°C-тан +15…+20°C-қа дейін, күндіз +18…+25°C-тан +28…+35°C-қа дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі.

Мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде +2…+7°С-тан +10…+15°С-қа дейін, күндіз +10…+15°С-тан +25…+30°С-қа дейін ауытқиды, түнде суық антициклон әсерінен кей күндері ауа температурасы 1-6° дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28…+36°С дейін көтеріледі, алайда ыстық күндердің арты салқын күндерге ұласып, ауа температурасы +20…+25°С болады, топырақ бетіне арктикалық ауа массалары енген кезде 2°-қа дейін аяз болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 28 жаңа мектеп салынады

Қазақстан Қытай банкінен неге қарыз алды?

Қымыздан жасалған балмұздақ пен сабынға сұраныс жоғары

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу