«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

114 ер, 72 әйел: “Әділет” партиясының сайлау тізімі жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы 21 шілдеде Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын “Әділет” партиясының партиялық тізімін ресми түрде тіркеді.

Партия тізіміне барлығы 186 кандидат енген. Олардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық сала өкілдері бар.

Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас. Тізімде 114 ер адам мен 72 әйел бар.

Еске салайық, “Әділет” партиясы 2026 жылғы 1 маусымда ресми тіркелген. Ал 10 шілдеде өткен партияның кезектен тыс III съезінде 186 кандидаттан тұратын партиялық тізім мен сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Бұл – партияның Парламент сайлауына алғаш рет қатысуы.

Айта кетейік, Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қаржаубай Нұрымов Шерзатты өлтірген адамның біріне кешірім берді

Halyk қорының қолдауы: ауыл жастары халықаралық аренада чемпион атанды

Еліміздегі барлық шахталарды тексеру қажет — Мақсат Толықбай

Redaktor Shyn-Ar