«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

16 млн қазақстандықтың жеке дерегі медициналық ұйымдардан тараған болуы мүмкін – Бектенов

қазақстандықтардың жеке деректері

Премьер-Министр Олжас Бектенов 16 миллион қазақстандықтың жеке деректерінің таралуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша құзырлы органдар қазір тексеріс жүргізіп жатыр.

«2022 жылғы деректер тарап кеткен деп айтуға болады. Әрине, бұл ешкімге, соның ішінде үкіметке де абырой әкелмейді. Өкінішке қарай, мұндай фактілер бар», – деді Бектенов брифинг барысында.

Үкімет басшысы деректердің таралуына қатысты болжамын да айтты. Тексеруші органдардың алдын ала қорытындыларына сәйкес, ақпараттың тарау көзі медициналық ұйымдар болуы мүмкін.

«Бұл мекемелер мемлекеттік деректер базасына қол жеткізе алады, бірақ қауіпсіздік шараларын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етпеген. Мұндай жағдайлар үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Біз тиісті құқықтық әрекет етеміз», – деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Сондай-ақ Бектенов азаматтарды жиі мазалайтын алаяқтық қоңыраулар мәселесіне де тоқталды.

«Алаяқтардың қоңырауы ертең біржола тоқтайды деп айта алмаймын. Дегенмен, бүгінде олардың 67 миллион қоңырауы бұғатталды, SIM-карталар сөндірілді. Бұл – мәселені жүйелі шешудің бір бөлігі», – деді ол.

Бұдан бөлек, үкімет басшысы жасанды интеллект негізінде жасалған дипфейктер туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл технологияны қолдана отырып, алаяқтар жоғары лауазымды тұлғалардың атынан ақпарат таратып, азаматтарды алдап соғуда.

«Кейбір азаматтар бұған сеніп, қаржысын жоғалтып жатады. Бұл – өте күрделі мәселе. Бірақ біз жұмыс істеп жатырмыз. Қазір Ішкі істер министрлігі жанында арнайы бөлім құрылды, ал Ұлттық банк жанында антифрод-орталық жұмыс істейді», – деді Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Bloomberg: Трамп Пасха мерекесіне дейін Украинадағы соғысты тоқтатуды қалайды

Микроқаржы секторы дағдарыста ма? Қазақстанда бес ұйым жабылды

Redaktor Shyn-Ar

Алматыда мопед иелері жазаланып жатыр

Пікір жазу