«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: БАҚ ресейлік әскеридің соққы туралы түсініктемесін жариялады

ұшақ апаты

2025 жылғы 1 шілдеде әзербайжандық Minval басылымы ресейлік әуе шабуылына қарсы (ӘШҚ) күштердің капитаны Дмитрий Паладичуктың түсініктемесін жариялады. Құжатқа сәйкес, ол 2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағына оқ ату туралы бұйрық бергенін растаған.

Minval редакциясы мәлімдегендей, бұл ақпарат редакцияға түскен анонимді хат арқылы белгілі болған. Хатпен бірге ұшаққа шабуыл жасалған сәттің бейнежазбасы мен аудиожазбалар да қоса жіберілген.

Паладичуктың жазбаша түсініктемесінде нақты Embraer 190 ұшағы аталмайды. Онда ол «тұман салдарынан көзге көрінбей тұрған, бірақ биіктігі мен жылдамдығы ерекше нысан» туралы хабарлап, бұл деректерді 51-дивизияның әскери командалық пунктіне жеткізгенін жазған. Осыдан кейін ол телефон арқылы нысананы жою туралы бұйрық алып, операторға атуға пәрмен берген. Алғашқы зымыран нысанаға дәл тимеген соң, ол екінші рет атуға бұйрық береді.

The Insider басылымының мәліметінше, Дмитрий Паладичук бұрын Ресейдің ӘШҚ түрлі бөлімдерінде, соның ішінде ӘҚК мен ӘШҚ 14-армиясының құрамында қызмет еткен. Ол өз қолымен жазылған түсініктеме мәтінін The Insider тілшісіне телефон арқылы растаған. Сондай-ақ капитан «ё» әрпін жазу стилі сияқты жеке жазу ерекшеліктерін атап көрсеткен. Басылым мәліметінше, Паладичуктың дауысы Minval жариялаған видеодағы дауыспен сәйкес келеді.

Оқиға туралы еске салсақ:

2024 жылғы 25 желтоқсан күні таңертең AZAL компаниясының Embraer 190 ұшағы Қазақстанның батысындағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта бес экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 жолаушы аман қалған.

Алдын ала тергеу нәтижесінде ұшақтың фюзеляжында «сыртқы нысандардың енуінен» пайда болған тесіктер анықталған. Сарапшылар Embraer 190 ұшағы ресейлік зымыранмен атылған болуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Апат болған күні аймақта украиналық дрондардың шабуылы тіркеліп, Ресейдің ӘШҚ күштері жоғары дайындық режиміне көшкені белгілі.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлтараздықпен екі жылға сотталған Жансұлу Дархамбаева сәбилі болды

Redaktor Shyn-Ar

Bloomberg: Трамп Пасха мерекесіне дейін Украинадағы соғысты тоқтатуды қалайды

Арман Қырықбаев Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

Пікір жазу