«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Алматыда болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы анықталды

Алматыдағы ірі жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
ашық дереккөзден

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 14 шілдеде Алатау ауданында болған ірі жол апатынан зардап шеккендерге қатысты ақпарат жариялады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан барлығы 23 адам зардап шеккен.

Апаттан кейін:

  • 4 бала – №2 қалалық балалар ауруханасына,

  • 7 ересек адам – №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Сондай-ақ, тағы 12 адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілген. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы (АККА) баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың жағдайы орташа ауыр және қанағаттанарлық деп бағаланған. Дәрігерлік тексеруден кейін бұл пациенттер де амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.

Еске салайық, жаппай жол-көлік оқиғасы 14 шілде күні кешке Алатау ауданында орын алған. Алдын ала дерек бойынша, МАЗ жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай тасжолында тізгінге ие бола алмай, алдымен Mercedes-Benz пен KIA көліктерімен соқтығысқан. Кейін қарсы бағытқа шығып, Yutong маркалы автобус пен Subaru көлігіне соғылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қарияны ұрған балалар үшін мұғалімдері жауапқа тартылады

Қазақстанда 11 миллион гектар жер халық игілігіне қайтарылды

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: БАҚ ресейлік әскеридің соққы туралы түсініктемесін жариялады

Пікір жазу