«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Алматыдағы Сайран маңында 15 жылдан аса қаңырап тұрған құрылыстың бір бөлігі сүріледі

Алматыдағы Сайран маңында 15 жылдан аса қаңырап тұрған құрылыстың бір бөлігі сүріледі
ашық дереккөзден

Алматыда Сайран маңындағы «Манхэттен» ұзақ мерзімді құрылыс нысанының бір бөлігі бұзылады.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы 15 жылдан аса уақыт бойы қаңырап тұрған «Манхэттен-Қазақстан» құрылысы бойынша пікір білдірді.

Жер телімінің ауданы – 0,6747 гектар.

«2006 жылы «Қуат корпорациясы» АҚ құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаған. 2008 жылы қаржыландырудың болмауына байланысты құрылыс 10-қабат деңгейінде тоқтатылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 14 583 шаршы метр. 2022 жылғы 17 тамыздағы сатып алу-сату шартына сәйкес, жер телімінің жаңа иесі – жеке тұлға», – делінген Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы таратқан хабарламада.

2024 жылғы сәуірде меншік иесіне қолданыстағы аяқталмаған құрылысты бұзу арқылы әкімшілік ғимарат және қызмет көрсету нысандарын салу мен пайдалануға беру үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілгені де хабарланды.

Бүгінгі күні жаңа ғимараттың эскиздік жобасы келісілмеген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар 6 миллионға дейін бір реттік төлем ала алады

“Астана Банкінің“ бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталды

Қазақстанда шетелдік ер адам вейп үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу