«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚұқық

Атырауда 141 тендер ұтқан депутат компаниясы әкімдікпен ауыз жаласты ма?

141 тендер: Атыраудағы Amanat депутатының компаниясы тексеріледі
ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәжіліс депутаты Әділ Жұбановқа тиесілі деген «БатысАльянсСтрой» ЖШС компаниясын тексеріп жатыр. Бұл туралы Telegram-дағы «За нами уже выехали» арнасы хабарлап, мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңбұзушылықтарға қатысты жазбалармен бөліскен. Арнаның дерегінше, материалдар тіркеліп, Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданған.

Ведомствоның ресми мәлімдеуінше:

«Қазіргі уақытта департамент тарапынан лауазымды тұлғалар мен «БатысАльянсСтрой» ЖШС арасында мүдделер қақтығысының бар-жоғы қарастырылып жатыр».

Аталған компанияны бұған дейін қазіргі Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев басқарған. Қазіргі заңды директор — Жанабай Жұбанов, ол депутаттың туысы болуы мүмкін деген болжам бар.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, депутаттардың бизнеске иелік етуге құқығы бар, бірақ оны басқаруға қатысуға тыйым салынған. Қазіргі тексерістің негізгі бағыты осы талаптың орындалуын анықтауға бағытталып отыр.

«БатысАльянсСтрой» мемлекеттік тапсырыстар нарығында белсенді жұмыс істейді. 2016 жылдан бері компания мемлекеттік мекемелермен жалпы сомасы 15,2 миллиард теңгені құрайтын 141 келісімшарт жасасқан. Бұл келісімдердің басым бөлігі Атырау облысындағы қалалық және ауылдық әкімдіктермен байланысты.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО-дағы бес баланың өлімі: Облыс әкімдігі отбасына көмек көрсетеді

Өмір жолы өнеге: жазушы, инженер Өскенбай Құлатайұлының жаңа кітаптары жарық көрді

Redaktor Shyn-Ar

Избран новый Папа Римский

Пікір жазу