«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

«Бәйтерек» жобасы іске қосылуда: алғашқы ұшырылым желтоқсанға жоспарланған

"Бәйтерек" кешенінен алғашқы зымыран 2025 жылдың желтоқсанында ұшырылады
ашық дереккөзден

«Союз-5» өндірісі Байқоңырға көшірілуі мүмкін – Үкімет

Ресей «Союз-5» зымыран тасығышын өндіруді Байқоңырға көшіруді қарастырып жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына жауап беру кезінде айтты.

— Үкімет «Байқоңыр» кешенін Ресей, басқа мемлекеттер және жеке шетелдік серіктестермен бірлесіп дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазіргі таңда ресейлік тарап ғарыш айлағындағы 10 ұшыру кешенінің үшеуін ғана пайдаланып келеді, — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, ғарыш айлағының инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін сақтау мақсатында «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешені жобасы жүзеге асырылып жатыр.

— Қазір кешеннің жерүсті инфрақұрылымы мен «Союз-5» зымыранын жасау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Алғашқы ұшырылым 2025 жылдың желтоқсанында өтеді. Сонымен қатар, ресейлік тарап зымыран өндірісін Ресейден Байқоңырға көшіру мүмкіндігін қарастыруда, — деді Олжас Бектенов.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте миллиондаған қаржыға отырғызылған ағаштар қурап жатыр

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс осы аптада сотқа түседі

Redaktor Shyn-Ar

Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу