Атап айтқанда, ҚР Білім Министрлігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттері мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болатынына толықтыру енгізілді.
Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, 2024 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау тәртібін айқындайтын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz