Қазақстанда 2025-2026 оқу жылы үшін бірінші сыныпқа құжат қабылдау науқаны жалғасуда. Құжаттарды қабылдау биылғы 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 274 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданған. Олардың 70 пайызы мемлекеттік тілді оқыту тілі ретінде таңдаған.
Құжаттарды келесі тәсілдермен тапсыруға болады:
-
eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы
-
eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы
-
Мектепке барып, қағаз түрінде өткізу арқылы
Құжат қабылдау жұмыс күндері, яғни демалыс және мереке күндерін қоспағанда жүргізіледі.
2024-2025 оқу жылында еліміз бойынша 351 176 бала бірінші сыныпқа қабылданған. Ең көп оқушы Түркістан облысында тіркелген – 44 мыңнан астам бала. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (34 мың) және Астана қаласы (26 мың) тұр.