«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Халықтың көп несие алуы – табыс деңгейінің жоғарылағанының көрсеткіші – Жүманғарин

Министр: Халықтың көп несие алуы – табыс деңгейінің жоғарылағанының көрсеткіші

Ұлттық экономика министрі: «Несиелердің артуы – халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші»

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында елімізде несие алушылар санының артуына қатысты пікір білдірді.

Журналистер министрден: «Несие алушылар санының өсуі – халықтың кедейленуінің белгісі емес пе?» деген сауал қойды.

Бұл сұраққа жауап берген министр несиелеудің көбеюін халықтың қаржылық мүмкіндіктерімен байланыстырды.

«Тұтынушылық несиелердің өсуі – халықтың өмір сүру деңгейінің бір көрсеткіші. Бұл азаматтардың белгілі бір қаржылық мүмкіндіктерге ие екенін білдіреді. Көп жағдайда олар несиені еркін алып, оны қалай қайтаратынын алдын ала есептей алады», – деді Жұманғарин.

Министр сонымен қатар азаматтардың қаржылық жауапкершілігіне сенетінін атап өтті.

«Егер адам несие алса, бұл оның қаржылық жағдайын есептей алатынын, саналы шешім қабылдай алатындығын білдіреді. Егер ол үлкен сома алса, бұл – оның табысы жоғары екенін көрсетеді. Ал егер адам дәрі-дәрмекке немесе ең негізгі қажеттіліктерге несие алуға мәжбүр болса, онда бұл мәселені тереңірек зерттеу қажет», – деп түйіндеді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда мопед иелері жазаланып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ВЬЕТНАМ РЕСПУБЛИКАСЫ ХЫНГ ЙЕН ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚ КОМИТЕТІ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Атырауда 141 тендер ұтқан депутат компаниясы әкімдікпен ауыз жаласты ма?

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу