«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясатТағайындау

Қарағанды облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ашық дееккөзден

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып Ғалымжан Өтелбайұлы тағайындалды.

Кадрлық өзгерістер туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппарат отырысында хабарлады.

Ғалымжан Өтелбайұлы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын тәмамдаған. Ол тарих магистрі.

Еңбек жолын БАҚ-та бастады. Қазақ радиосында қоғамдық-танымдық бағдарламалардың редакторы, сондай-ақ Қазақстан ҰТА редакторы болған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2012 жылы Қарағанды облысы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, 2016–2018 жылдары Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының басшысы болды. 2022–2024 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ президенті қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтты

Redaktor Shyn-Ar

Шымкент тұрғыны 120 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Балабақшалардың қызметі 2027 жылдан бастап лицензияланады

shyn_ar_admin

Пікір жазу