«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Қазақстанда 11 миллион гектар жер халық игілігіне қайтарылды

Пайдаланылмай жатқан 11 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекеттік қорға қайтарылып, халыққа мал шаруашылығын дамыту мақсатында қайта бөлінді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Премьер-министр ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және жем-шөп базасын қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

– Тұрақты мал азығы қорын құру үшін биыл жем-шөп дақылдарының егіс алқабы 3,3 миллион гектарға дейін ұлғайтылды. 2022 жылдан бері пайдаланылмай жатқан жайылымдық алқаптың 11 миллион гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның басым бөлігі халыққа қайта бөлінді, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы мал шаруашылығы саласының әлеуеті зор екенін атап өтіп, мал басын көбейту жұмыстарын жалғастыру қажеттігін еске салды. Бұл ретте аналық малды субсидиялау мен заңсыз экспортқа тосқауыл қою маңызды рөл атқаратынын айтты.

Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, қысқы кезеңге мал азығын дайындау жұмыстарын 1 қазанға дейін аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, асыл тұқымды аналық мал басын сатып алуға арналған жеңілдетілген несиелеу бағыттарын әзірлеуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақстанның тұңғыш барысы» жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

shyn_ar_admin

Шымкент тұрғыны 120 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Пікір жазу