«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 143 мың теңгеден асты

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері 143 мың теңгеден асты
көрнекі сурет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 44,3 миллиард теңгеге зейнетақы төленгенін мәлімдеді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 337,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 706,7 миллиард теңге жұмсалған. Биыл жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 мың теңгеден асты.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгеге тең болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 95 963 теңге, базалық зейнетақы 47 659 теңге болды.

2025 жылғы 1 қаңтарда Ұлттық Банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес:

  • Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 6,5%;
  • Ынтымақты зейнетақы – 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға ұлғайтылды.

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-ынан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңге болды. Оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін ұлғайып, 50 851 теңге тең болды”, – деп мәлімдеді министрлік.

1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 465 мың адам.

Ведомство 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескеріліп, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект әсерінен қандай мамандықтар жойылып кетуі мүмкін?

Касым-Жомарт Токаев осмотрел новый терминал аэропорта Шымкента

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

shyn_ar_admin

Пікір жазу