Қазақстан азаматтарына қайтыс болғаннан кейін денесін кремациялау туралы өз еркін алдын ала білдіруге мүмкіндік берілді. Бұл үшін eGov порталында тиісті қызметті онлайн пайдалануға болады.
Азаматтар «Кремацияға арналған өсиетті тіркеу» қызметі арқылы өз таңдауын тіркей алады. Ол үшін порталға кіріп, қажетті қызметті таңдап, өтінішті толтыру және оған электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою қажет.
Қызметті пайдалану үшін нотариусқа барудың қажеті жоқ, өтінішті онлайн беру тегін жүзеге асырылады.
Сонымен қатар азаматтың кейін шешімін өзгертіп, бұрын берген келісімін қайтарып алу мүмкіндігі де қарастырылған.
