«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемэкономика

Қазақстанға былтыр 4,5 миллион ресейлік келді – Елші мәлімдемесі

Былтыр 4,5 миллион ресейлік Қазақстанға келген – Елші
көрнекі сурет

Ресей Федерациясындағы Қазақстанның елшісі Дәурен Абаев екі ел арасындағы туристік әлеует туралы айтты. Оның дерегінше, 2024 жылы Қазақстанға шамамен 4,5 миллион ресейлік азамат келсе, сол уақытта 3,5 миллион қазақстандық Ресейге сапарлаған.

“Туристер арасында ең көп сұранысқа ие өңірлер – Алматы және Ақмола облыстары. Бұл аймақтарда жыл сайынғы туристік ағын 1,5 миллион адамға жетеді. Алматы тау кластері, Маңғыстау және Бурабай-Щучинск курорттық аймақтарында туризмді дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда,” – деді елші.

Дәурен Абаевтың айтуынша, Орал өңірі білім беру, өндірістік және медициналық туризм бағыттарымен ерекшеленеді.

“Орал аймағында тау-кен өндірісінің бай мұрасы сақталған. Мұнда «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесі мен Ural Music Night музыкалық фестивалі сияқты ірі мәдени шаралар өтеді. Қазақстандық туристер діни туризмге де қызығушылық танытады, атап айтқанда, Екатеринбургте өтетін ‘Патшалық күндер’ іс-шарасына барады,” – деді елші.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова Қазақстанда заңсыз шетелдік гидтер мен туроператорлардың ел имиджіне теріс әсер етіп, секс-туризм туралы жағымсыз пікір қалыптастырып жатқанын атап өткен еді. Оның айтуынша, Үндістан мен Пәкістаннан келген студенттер заңсыз гид ретінде жұмыс істеп, бюджетке 1 миллиард теңге шығын келтірген.

Депутат туризмді реттеу үшін гидтерді сертификаттау, туристік полицияны күшейту, инфрақұрылымды дамыту және шетел азаматтарына қойылған қаржылық шектеулерді жою сияқты шаралар қабылдауды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Bloomberg: Трамп Пасха мерекесіне дейін Украинадағы соғысты тоқтатуды қалайды

Шерзаттың өлімі: Күдіктілер арасында бұрын сотталғандар бар

Мес-Атада Жауғашты батырдың рухына тағзым етіліп, ас берілді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу