Мәскеуде банктен 31 миллион теңге жымқырды деген күдікпен қазақстандық азамат ұсталды
Тергеу мәліметіне сәйкес, 2015–2017 жылдар аралығында Астана қаласындағы банктердің бірінде филиал жетекші менеджері болып жұмыс істеген азамат жалпы сомасы 31 миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп, талан-таражға салған деген күдікке ілінді.
Қылмыс жасалғаннан кейін ол бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды.
«Өткен жылдың маусым айында іздеуде жүрген күдікті Ресейдің Мәскеу қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомство.
Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.