«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Назарбаевтар зиратындағы жаңа қабір қоғамда сұрақ тудырды – әкімдік түсініктеме берді

Әкімдік Назарбаевтар зиратындағы жаңа қазылған қабір туралы сұраққа жауап берді
ашық дереккөзден

Желіде Назарбаевтар отбасының зиратында адам жерлегені туралы ақпарат пайда болды. БАҚ-та бұл Сара Назарбаева жерленген қабір болуы мүмкін деп болжады.

Әкімдіктің мәліметінше, Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратында 2024 жылдың желтоқсанында қайтыс болған басқа адам жерленген.

«Жерлеу діни жоралар мен дәстүрлерге сәйкес жүргізілген. Қазір қабірде жазулар мен көрсеткіш тақтайшалар жоқ. Алайда марқұмның туыстарының айтуынша, жақын арада тақтайша орнатылады», – делінген әкімдік жауабында.

Бұл ретте Президент істері басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпиталь аталған ақпаратты тағы да жоққа шығарып, Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын растады. Қазіргі уақытта ол Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, госпиталь өкілдері диагнозға және денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер дәрігерлік құпияға жататынын еске салды.

Ұқсас жаңалықтар

“Астана Банкінің“ бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталды

Қазақстанның үш қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Redaktor Shyn-Ar

Қазақ тіліне құрметсіздік көрсеткен дүкен жұрт наразылығын тудырды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу