«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБасты ақпаратҚоғамМәдениет

«Орыстар – әлдеқайда білімді, жауапкершілігі жоғары және тиянақты» – Марғұлан Тұрсынов

  • Қазақты кемсіткен пікір тағы да дау тудырды: Марғұлан Тұрсыновтың жазбасына қоғам наразы

Қазақстанда қазақ тіліне, ұлтына қатысты айтылған әрбір оғаш пікір қоғамда бірден резонанс тудыратыны белгілі. Мұндай жағдайлар жиі қайталанып, қоғамдық талқыға түссе де, нақты өзгеріс болмай келеді. «Осымен бітті» дегенде, көп ұзамай тағы бір шулы мәлімдеме жария болады.

Сәрсенбі күні дәл осындай жағдай тағы қайталанды. Бұл жолы жұрттың сынына іліккен — ZTB медиасының негізін қалаушы Марғұлан Тұрсынов. Ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қазақтарды тікелей атамаса да, астарлы түрде кемсіткен жазба жариялады. Онда ол:

«Соңғы кездері біздің елде орыстарға қатысты национализмнің ұшқыны байқалады. Жергілікті ұлт өкілі ретінде мойындайын, мен оларға басқаша қараймын. Мен көп жағдайда қандай да бір мәселелер бойынша соларға жүгінем. Техника, машина жөндеу болсын, дизайн, бухгалтерия, т.б. болсын. Өйткені оларды әлдеқайда білімді, жауапкершілігі жоғары әрі тиянақты деп есептеймін. Шынымды айтайын, мен күнделікті өмірде олар болмаса қатты қиналам», – деп жазған.

Бұл пікір көпшіліктің ашуын туғызды. Әсіресе Тұрсыновтың сөзі қазақтарды білімсіз, жалқау, кәсіби қабілеті төмен ұлт ретінде сипаттайтын ескі стереотиптің жаңғыруы ретінде қабылданды. Қоғам белсенділері мен желі қолданушылары қазақтың заманауи білім мен техникалық салада да мықты екенін, мұндай көзқарастың артта қалған түсінік екенін атап өтті.

Дау күшейген соң Тұрсынов жазбасын өшіріп, кешірім сұрады. Алдымен ойын дұрыс жеткізе алмағанын айтып жазба жарияласа, артынша «өзіміздің кемшілігімізді айтуымыз керек» деген сарындағы тағы бір пост жазып, оны да көп ұзамай өшіріп тастады. Алайда алғашқы жазбасының скриншоты мессенжерлер мен әлеуметтік желілерде кең таралып үлгерді.

Желіде оны ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жауапқа тартуды талап етіп жатқандар бар. Әзірге мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Дегенмен, Қазақстанда бұл тақырып өте сезімтал болғандықтан, биліктің реакция білдіруі әбден мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру жоспарланып отыр – министр

Шерзат Полат ісі бойынша айыпталушыларға тергеу кезінде қысым көрсетілген: Прокуратура тексеріс қортындысын жариялады

Ауылдарда ит талаған баланың бәріне дер кезінде медициналық көмек жасалынбайды — Еділ Жанбыршин

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу