«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Отбасы банкінде маңызды өзгеріс: 6 пайыздық мөлшерлеме енді болмайды

4 маусымнан бастап Отбасы банкі аралық қарыз бойынша мөлшерлемені өзгертті. Енді жаңа несие алатын клиенттер үшін бірыңғай жылдық 8,5 пайыздық мөлшерлеме қолданылады.

Бұған дейін аралық қарыздың мөлшерлемесі 6 пайыздан 8,5 пайызға дейін өзгеріп отыратын. Енді ең төменгі 6 пайыздық мөлшерлеме алынып тасталды.

Банктің мәліметінше, аралық қарыз алу талаптары өзгермейді. Ол үшін клиент тұрғын үй құнының 50 пайызын депозитте жинап, қаражатын кемінде алты ай сақтауы керек. Сонымен қатар бағалау көрсеткіші кемінде 5 болуы тиіс.

Жаңа ереже тек 4 маусымнан кейін рәсімделетін несиелерге қатысты. Ал алдын ала мақұлдау алған клиенттер бұрынғы шарттар бойынша несие ала алады.

Өзгеріс тұрғын үй сатып алуға, үй салуға, жөндеуге арналған несиелерге, сондай-ақ «Өз үйім», «Әскери баспана» және басқа да бағдарламаларға қолданылады.

Банк тұрғын үй қарыздары мен алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейде қалатынын хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

В Казахстане начали использовать роботов для онкоопераций

Алматы облысында мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды

150-ден астам іс-шара өткен Ғылым декада мәресіне жетті

Redaktor Shyn-Ar