«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Путин Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевқа берілген марапатты табыс етті

Путин Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевқа берілген марапатты табыс етті
ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевтың марапаттау парағын табыс етті.

Құжат Ресей Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан табылған. Онда Кемел Тоқаев Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылғаны көрсетілген. Алайда бұл жоғары атақ оған берілмеген.

Кемел Тоқаев Польша жеріндегі шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Бұған дейін гвардия сержанты Кемел Тоқаевтың марапаттау парағы интернет желісінде таралғаны хабарланған болатын.

Кемел Тоқаев 1942 жылы майданға аттанып, көп ұзамай 226-атқыштар дивизиясында отряд командирі ретінде қызмет етті. Жарақат алған соң 7-гвардиялық танк полкінде әскери қызметін жалғастырды.

Ол өзінің “Солдат соғысқа аттанды” атты еңбегінде майдандағы жауынгерлердің ауыр тағдырын, соғыстың қасіреті мен зардабын шынайы суреттейді.

Ұқсас жаңалықтар

Екатерина Смолякова Мәжіліс депутаты болды

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша соттың басталатын күні белгіленді

Шымкент тұрғыны 120 тонналық вагонды сүйреп, рекорд орнатты

Пікір жазу