«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

«Росатом» басшысы Қазақстанда АЭС құрылысы жақында басталатынын мәлімдеді

«Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) құрылысы жақын арада басталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, компания бұл жобаны жүзеге асыруға толық дайын.

Лихачев қазіргі уақытта «Росатом» Өзбекстанда шағын атом электр станциясының құрылысын бастап кеткенін, ал сәуір айында Қырғызстанның Энергетика министрлігіне қуаты аз АЭС салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеме ұсынып үлгергенін атап өтті.

«Көптеген елдер атом энергетикасы клубына қосылуға мүдделі. Біз барлығымен жұмыс істеуге дайынбыз. Қазіргі таңда жиырма елмен келіссөздер жүріп жатыр. Жақын арада жобаларды нақты іске асыратын мемлекеттер қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Вьетнам және бір еуропалық мемлекет бар», – деді Лихачев.

Қазақстан өз аумағында ірі атом электр станциясын салу үшін әлеуетті мердігерлерді таңдауда. Реакторлық технологияларды жеткізуге үміткерлер қатарында Ресейдің «Росатом» корпорациясымен қатар, Оңтүстік Кореяның KHNP, Францияның EDF және Қытайдың CNNC компаниялары бар.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен «Росатом» басшысы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылаған болатын. Кездесуде заманауи технологиялар мен өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ орынсыз қадамдарын тоқтатпаса, бейжай қарап отырмаймыз – Қытай

Тоқаев Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтты

Redaktor Shyn-Ar

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атаған сөздерінен бас тартты

Пікір жазу