«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

Сара Назарбаева ауыр халде ауруханада жатыр
ашық дереккөзден

Соңғы күндері БАҚ беттерінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары — Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығына байланысты жағымды емес ақпараттар таралуда. Бірқатар дереккөздердің мәліметінше, оның жағдайы шамамен екі апта бұрын күрт нашарлаған. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласындағы емдеу мекемелерінің бірінде медициналық бақылауда жатыр.

Сара Алпысқызы — Қазақстандағы балалар құқығын қорғау мен олардың тәрбиесіне қатысты бірқатар маңызды бастамалардың авторы. 1997 жылы ол «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталығын құрған болатын. Алғашында балаларды сауықтыру мақсатында ашылған бұл мекеме бүгінде олардың денсаулығын нығайтумен қатар, рухани-адамгершілік дамуы мен білім алуына бағытталған кешенді бағдарламалармен айналысып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде азаматтар бір-біріне «Мына тілде сөйле!» деп мәжбүрлемеуге тиіс

Трамп АҚШ-қа соғыстан қашып келген украиналықтарды еліне қайтармақ

Redaktor Shyn-Ar

Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін тағайындады

Пікір жазу