Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотта қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр.
Соттағы басты сұрақ — мылтық қайдан келген?
Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде басты назарға іліккен мәселелердің бірі — күдіктілер ұстаған мылтықтың шыққан төркіні.
Сот отырысында айыпталушылардың қорғаушылары қаруды кімнің әкелгені жөнінде тараптар арасында ортақ ұстаным жоқ екенін мәлімдеді.
— Қазіргі уақытта нақты кімнің қару әкелгенін дөп басып айту қиын. Бұл мәселе сот аясында жан-жақты зерттеліп жатыр, — деді адвокат Мейірман Шекеев.
Сондай-ақ қорғаушы Дархан Аскентайдың мылтықты дүкеннен алып шыққаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Оның сөзінше, Ішкі істер министрлігі ұсынған бейнебақылау жазбаларында Аскентайдың қолында ешқандай қару көрінбейді.
Бұған дейін кейбір куәгерлер төбелес басталмай тұрып оқ атылғанын айтқан. Алайда сотта қаруды нақты кім қолданғаны әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр.