«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚұқықСот

Шерзат ісіне байланысты адвокат қысымға ұшырағанын мәлімдеді

"Сотталушылардың бірінің туысы министрлікте істейді": Адвокат Мейірман Шекеев өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, көмек сұрады
фото: Жоғарғы сот

Сотталушының туысы министрлікте істейді»: Адвокат сот ісіне араласу әрекетін әшкереледі.

Шерзат Полаттың отбасын сотта қорғап жүрген адвокат Мейірман Шекеев өзінің кәсіби қызметіне байланысты қысым көріп жатқанын жария етті. Оның айтуынша, қысым Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі қолға алғаннан кейін басталған. Адвокатқа белгісіз тұлғалар тарапынан апелляциялық сот процесіне қатысуына кедергі келтіру әрекеттері жасалып жатыр.

«Мейірман деген атым бар, қазақ деген затым бар. Атам десеңдер – атыңдар! Құрметті халқым, маған қысым жасалып жатыр. Шерзаттың ісін қолға алғалы бері жан-жақтан жасырын әрекеттер байқалды. Бұған дейін үндемей келген едім, енді біреулер маған қарсы ашық қадамдарға көшкен сияқты», – деп жазды заңгер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Адвокаттың айтуынша, Астана қаласындағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот судьясы Ерлан Төлебаев оның атынан айтпаған сөздерді «жеке ұйғарым» арқылы жазып, шындыққа жанаспайтын уәждер келтірген.

«Судья Төлебаев “айтпаған сөзімді айтты” деп, жеке ұйғарымда ойдан құрастырылған тұжырымдар келтірді. Бұл әрекеттің кездейсоқ еместігі анық. Бұған дейін сотталушылардың бірінің туысы министрлікте істейді деген әңгімеге мән бермеп едік, бірақ жағдай дәл сол бағыттан шиеленісіп жатқандай», – деді адвокат.

Мейірман Шекеев әділ сот жүйесі болмаса, әділетті Қазақстан туралы сөз қозғау мүмкін емес деп санайды. Дегенмен, ол халықтың қолдауы тұрғанда, ешқандай қысымға мойымайтынын айтты.

«Сот процесінің бейне және аудио жазбасы жүріп жатқанын біле тұра, судьяның осындай әрекетке баруы – көп жайттан хабар береді. Судья менің пікір айту құқығымды шектеп, оны кесімді тұжырым деп қабылдауы – ашық өшпенділік. Ал митинг туралы жалған мәліметтер таратқаны тіпті ақылға қонбайды. Шындық бәрібір ашылады. Бұл жағдайда мені емес, судьяны жауапқа тартуға негіз көп», – деп мәлімдеді заңгер.

Іс бойынша не белгілі?

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі 2025 жылғы 5 маусымда шықты. Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Басты күдікті Абзал Шынасыл ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан болатын. Бұл қанды оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Сот процесінен кейін адвокаттар көліктерінің доңғалағынан екі болттың бұралғанын анықтады. Бұл жағдай олардың қауіпсіздігіне төнген қауіп ретінде бағаланды. Адвокат Шекеев бұл оқиға бойынша арыз жазуға уақыт болмағанын, алайда қажет болса, Талдықорған полициясына шағым түсіруге дайын екенін айтқан.

Бұған дейін Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова да сотталушылар тарапынан қоқан-лоққы болғанын мәлімдеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Астана әкімдігі гейлер арасындағы ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді

Қазақстанда сәуір айынан бастап не өзгереді?

Redaktor Shyn-Ar

Шерзат ісі бойынша сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды

Пікір жазу