«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

«Сотта қойылмаған сұрақтар»: Шерзаттың әкесі қайта шақырылды

"Сотта қойылмаған сұрақтар": Шерзаттың әкесі қайта шақырылды
ашық дереккөзден

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотта айыпталушының адвокаттары бірқатар өтініштер жасады

Шерзат Болаттың өліміне байланысты қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша айыпталушы Дархан Әскентайдың қорғаушылары сотқа бірнеше өтінішхат жолдады. Алайда сот бұл өтініштерді қараусыз қалдырып, алдымен айыпталушыдан жауап алынатынын хабарлады.

Дархан Әскентайдың адвокаты Ержанов сотта тергеу барысында оның қорғалушысына қысым көрсетілгенін айтып, оқиғадан кейін медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерді сотқа куә ретінде шақыруды сұрады. Адвокаттың мәлімдеуінше, оқиға орнынан кейін Әскентай Талғар аудандық ауруханасына жеткізіліп, медициналық тексеруден өткен. Дегенмен, қажетті ем-дом көрсетілмегендіктен, ол тергеу кезінде толық жауап бере алмаған.

– Оның көз астындағы сүйегі сынған, көзі іріңдеп кеткен. Ауыр жағдайына қарамастан, 28 күн бойы ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген. Тек Қонаев қаласындағы уақытша ұстау изоляторына ауыстырылған соң ғана алғашқы көмек көрсетілді, – деді қорғаушы Ержанов.

Осыған байланысты адвокат Қонаев қаласындағы изолятор басшысын сотқа куә ретінде шақыруды сұрады.

Сонымен қатар адвокат жәбірленуші тараптың заңды өкілі Нұрымов Қаржаубайдың соттағы жауаптарынан кейін бірқатар қосымша сұрақтардың туындағанын атап өтті. Осы себепті Қаржаубайдан қайта жауап алуды және Әскентайдың туысы – Ринат есімді жездесін куә ретінде шақыру құқығын қорғаушы тарапқа беруді өтінді.

Сот процестері жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қаржаубай Нұрымов Шерзатты өлтірген адамның біріне кешірім берді

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстандық оқушылар 6 миллионға дейін бір реттік төлем ала алады

Пікір жазу