Үкімет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 504 миллиард теңге көлемінде қарыз.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жалпы 2 298,6 миллиард теңге көлемінде мақсатты жарна қарастырылған.
2025 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша, аталған қорды қаржыландыруға арналған 002 бюджеттік бағдарлама аясында 760,8 миллиард теңге көлемінде кассалық орындалу тіркелді. Бұл сома жылдық жоспарланған 1 278,6 миллиард теңгенің шамамен 59%-ын ғана құрайды.
Министрлік 30 маусымда Қорға қосымша 13 миллиард теңгеден астам қаражат аударылғанын мәлімдеді. Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, бұл қаржыландыру кезең-кезеңімен, бекітілген төлем жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек фармацевтика саласына қатысты маңызды мәлімдеме жасап, салада ауқымды тексерістер басталатынын ескерткен болатын.