«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Ұмыт қалған» зейнетақы: қорда 37,3 млрд теңге иесіз жатыр

Зейнетақы қорында 37,3 млрд теңге көлемінде "иесіз ақша" жатыр
көрнекі сурет

БЖЗҚ-да иесі талап етпеген 37,3 млрд теңге жатыр

2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, зейнет жасына жеткен, бірақ зейнетақы төлемдерін ресімдемеген 264 695 адамның шотында 37,3 млрд теңге сақтаулы тұр. Бұл қаражат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) иелері немесе мұрагерлері талап еткенге дейін сақталып, инвестициялануын жалғастырады.

БЖЗҚ деректеріне сәйкес:

  • 148 335 адамның қайтыс болғаны анықталған — мұрагерлер қаражатты ала алады;

  • 59 800 адам шетелге тұрақты тұруға кеткен;

  • 56 560 адам зейнетақы рәсімдеуге әлі өтініш бермеген.

Не істеу керек?
Зейнет жасына жеткен тұлғалар төлемді рәсімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгінуі тиіс. Қайтыс болған адамның мұрагерлері 6 ай ішінде нотариусқа өтініш беріп, мұраны рәсімдей алады. Мерзім өтіп кеткен жағдайда, сот арқылы қалпына келтіруге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары минусқа кетті: БЖЗҚ себептерін атады

Redaktor Shyn-Ar

Бала туу азайып барады: БҰҰ дабыл қақты

Redaktor Shyn-Ar

«Балаларыммен аулада жүрмін»: Экс-министр Жақсылықов өзінің қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу