«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБілім

ЖОО-ға түсушілерге маңызды жаңалық: Министрлік шекті баллдарды жариялады

2025 жылғы 13–20 шілде аралығында талапкерлерден білім беру гранттары конкурсына және ақылы негізде оқуға өтініштер қабылданады.
Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Құжаттарды онлайн режимде egov.kz порталы арқылы немесе жоғары оқу орындары жанындағы қабылдау орталықтары арқылы тапсыруға болады.

Білім беру грантына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін талап етілетін ең төменгі балл мөлшері:

  • «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;

  • «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша – кемінде 70 балл;

  • Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;

  • Басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл;

  • Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін – кемінде 50 балл.

Ескерту: Жоғары оқу орындары ақылы негізде оқуға қабылдау және грант конкурсына қатысу үшін шекті балды өз бетінше белгілеуге құқылы.

Министрлік мәліметінше, «Цифрлық университет» қағидатын іске асыру аясында көптеген үдерістер автоматтандырылып, конкурстық іріктеудің ашықтығы мен әділдігі қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар:

  • Цифрлық экономикаға кадрлар даярлау мақсатында сұранысқа ие техникалық және IT мамандықтарға қосымша гранттар бөлінеді;

  • Ауыл мектептерінің түлектері үшін квоталар қарастырылған;

  • Әлеуметтік осал топтардан шыққан талапкерлерге қолдау мемлекеттік және мақсатты гранттар шеңберіндегі квоталар арқылы көрсетіледі.

Министрлік талапкерлерге:

  • Электронды сервистерді белсенді пайдалануға;

  • Қабылдау ережелерімен, қажетті құжаттар тізімімен және құжат тапсыру мерзімдерімен мұқият танысуға кеңес береді.

Қосымша ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарынан алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

“Синий кит“ основателю вынесли приговор

Дональд Трамп Абу-Дабиге барды

Абылай Мырзахметов өзін мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Пікір жазу