«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘлеуметБасты ақпарат

Астанада заңсыз ет өңдеу нысаны жабылды

Астанада заңсыз ет өнімдерін өндіретін нысан анықталып, үш тонна сапасы күмәнді ет пен 40-тан астам ірі қара малдың өлекселері тәркіленді. Жануарларды сою өрескел антисанитарлық жағдайда жүргізілген, ал нысан иелерінің қажетті ветеринарлық және басқа да рұқсаттары болмаған.

Тексеру барысында 180 қап ет өнімдері мен жылқы, ірі және ұсақ малдың ондаған ұшасы тәркіленіп, ұйымдастырушылардан барлық жабдық алынды. Полиция мал мен ет өнімдерінің шығу тегін анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру базасы арқылы тексеру жүргізіп жатыр.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында өнімдердің ұрланған-ұрланбағаны да анықталады.

Ұқсас жаңалықтар

Күзде Қазақстанда жанармай тапшылығы болуы мүмкін – Энергетика министрлігі

Redaktor Shyn-Ar

Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі адам ұрлады деген күдікпен ұсталды

Жасырын жүрістен гөрі екінші әйел алған жөн – теолог