«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратҚұқық

Magnum дауы: Бұл — екі азаматтың арасындағы жайт — Серік Жұманғарин

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Magnum дауына қатысты пікір білдірді.

Серік Жұманғарин бұл жағдай туралы кеше ғана білгенін айтты.

«Әлеуметтік желіні қарап отыруға уақыт жоқ. Қазіргі уақытта сыртқы жағдай, салық кодексіне байланысты онсыз да жұмыс көп. Жалпы айтқанда қазақ тілі халқымыздың тірегі. Еліміздің болашағының негізі. Қазақ тіліне біраз жағдай жасалған. Мееің ойымша, бұл екі жеке тұлғаның арасында болған тұрмыстық жайт. Бірақ бізге үлкен сабақ болды бұл. Тіл, ұлт мәселесін талқылағанда, әлеуметтік желіде жазғанда абайлау керек. Тату болуымыз керек. Бұл мәселені өздері шешеді деп ойлаймын. Жеке адамдардың арасында болған оқиға. Менің білуімше, Magnum-ның бұрынғы қызметкері жақсы жұмысқа орналасқан. Клиенттің оған ешқандай шағымы жоқ қазір. Әңгімені тоқтату керек деп есептеймін», дейді Жұманғарин.

Ұқсас жаңалықтар

Метрода пранк жасаған блогерлер жауапқа тартылмақ

Қаржаубай Нұрымов Шерзатты өлтірген адамның біріне кешірім берді

Ресейде күшті жер сілкінісі тіркелді

Пікір жазу