Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 1 наурыз оразаның алғашқы күні болса, 29 наурыз – соңғы күні. 30 наурызда ораза айты мерекесі басталады. Наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні – Қадір түні.
Пітір садақасы екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.
Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.
Ауыз бекіту (сәресі) дұғасы
وَبِصَوْمِ غَدٍ نَّوَيْتَ مِنْ شَهْرِ رَمَضَانَ
«Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан» (Абу Дауд)
Аудармасы: Рамазан айының оразасын Алла ризашылығы үшін ұстауға ниет еттім.
Ауызашар дұғасы
اللَهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَلْت وَ عَلَى رِزْقِكَ
اَفْطَرْتُ فَاغْفِرْلِى يَا غَفَّارُ مَا قَدَّمْتُ وَ مَأ اَخَّرْتُ
«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту»
Аудармасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір»