«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарӘдебиетБасты ақпаратРуханият

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

 Қазақтың белгілі жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков өмірден өтті.
Бұған дейін желіде 82 жастағы жазушының денсаулығы сыр беріп, ауыр халде жатқаны туралы мәлімет тараған.

Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылымизерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін — Әлихан Бөкейханның туған күні

Мопедті қалай тіркеуге болады — ІІМ түсіндіріп берді

Нығматулиннің үлкен ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу