«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарСаясат

Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

— Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты, — делінген хабарламада.

Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Блогерлер кірістерін 53 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев экономика туралы: Салымыз суға кететіндей күйде емеспіз

shyn_ar_admin

«Қазақстанның тұңғыш барысы» жаңа қызметке тағайындалды

Пікір жазу