Украинада сот елдің бұрынғы президенті Виктор Януковичті «дезертирлікке арандату және шекарадан заңсыз өткізуді ұйымдастыру» бабы бойынша сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Бұл үкім туралы ақпарат 2025 жылдың 28 сәуірінде Украина Бас прокурорының сайтында жарияланды.
Сондай-ақ, үкім Украина Президентінің қауіпсіздік қызметінің бастығы болған Мемлекеттік күзет басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Константин Кобзарьға да шығарылды. Ол 10 жыл бас бостандығынан айырылды.
Сотпен дәлелденді:
«2014 жылдың 23 ақпанында Украинаның экс-президенті бұрынғы Президент қауіпсіздік қызметінің басшысымен және Ресей өкілдерімен сөз байласа отырып, әуе жолымен Украинаның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті және өзінің жақын айналасындағы адамдар мен Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерінен кемінде 20 адамды шекарадан заңсыз өткізуді ұйымдастырды».
Бұл — Януковичке Украинада шығарылған екінші үкім. Бұған дейін, 2019 жылдың қаңтарында, ол мемлекетке опасыздық ісі бойынша сырттай 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.
Янукович 2010 жылдан 2014 жылға дейін Украина президенті қызметін атқарды.ф