«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСот

Бюджет қаржысын жымқыру ісі: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтерге сот үкімі шықты

Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер сотталды
көрнекі сурет

Алматы облысында білім бөлімінің басшысы мен жеті бухгалтерге үкім шықты

Алматы облысында Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы мен бөлімнің жеті бухгалтерін 686 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Тергеу мәліметінше, олар нақты жұмыс істемеген адамдардың атына жалған жалақы аудару арқылы мемлекет қаражатын иемденген. Сондай-ақ, білім бөлімінің басшысы өзінің жүргізушісін бір мектепке «кәсіптік бағдар беруші» ретінде жалған түрде жұмысқа орналастырып, оған 4,9 миллион теңге көлемінде заңсыз жалақы төлеткен.

Сот үкімі бойынша, білім бөлімінің басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Ал бухгалтерлер 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге сотталып, 10 жылға дейін мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Айта кетейік, бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстанда кітап оқыған тұтқынның жаза мерзімі қысқаруы мүмкін

Маңғыстау облысында электр энергиясының бағасы көтерілді

shyn_ar_admin

Қазақстанда шетелдік ер адам вейп үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу