«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚоғамҚұқық

Шылым мен шу үшін жаза күшейді: Айыппұл – 58 мың, тіпті қамау бар

Шылым мен шу үшін жаза күшейді: айыппұл – 58 мың, тіпті қамау бар
көрнекі сурет

Кіреберісте шылым шегіп, қоқыс тастау заңды бұзу болып саналады. Сондай-ақ үй қабырғасына жазу жазып, дәлізге велосипед, баланың арбасы сияқты жеке заттарды шығарып қоюға болмайды. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Көппәтерлі тұрғын үйлердегі ортақ мүлікті пайдалануға қатысты жаңа талаптар бекітілді.

Кіреберісте шылым шегіп, қоқыс тастау заңды бұзу болып саналады. Сондай-ақ үй қабырғасына жазу жазып, дәлізге велосипед, баланың арбасы сияқты жеке заттарды шығарып қоюға болмайды. Заңға бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

“Әкімшілік кодекстің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша қоғамдық ортада, подъезге қоқысын қойып қойса, бірінші ретте учаскелік инспектор ескертеді. Екінші жолы қайталанса, әкімшілік хаттама толтырылады. Самокат, велосипед, балалар арбасын қойып қояды. Бірінші жолға ескертеміз, егер ескерсе, айыппұл салынбайды”, – деді Алматы қаласы полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Әділбек Қозыбеков.

  1. Көпқабатты үйдің дәлізінде шылым шеккені үшін – 58 000 теңге;
  2. Қоқыс тастағаны үшін – 78000 теңге;
  3. Қабырғаға сурет салып, жазу жазса – 197600 теңге айыппұл арқалайды;
  4. Егер вандализм қайталанып немесе қасақана жасалғаны анықталса, 20 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Сондай-ақ көпқабатты үйлерде түнгі 22:00-ден бастап таңғы 09:00-ге дейін тыныштық сақтау қажет. Көршілеріне артық дыбыспен кедергі келтіргендерге 19 660 теңге айыппұл салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге күштеп әкету туралы: Қорғаныс министрінің орынбасары түсініктеме берді

Касым-Жомарт Токаев дал поручения новому акиму области Улытау

Дамир Оразбаев

Қостанай облысында прокурорлар заңсыз кен іздеушіліктің жолын кесті

shyn_ar_admin

Пікір жазу