«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратТағайындау

Көлік министрі қызметіне Нұрлан Сауранбаев тағайындалды

Көлік министрі қызметіне Нұрлан Сауранбаев тағайындалды
ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Еске салайық, 2025 жылғы 8 маусымнан бері Көлік министрі лауазымы бос тұрған еді. Дәл сол күні Президент жарлығымен Марат Қарабаев аталған қызметтен босатылған болатын.

Нұрлан Сауранбаев туралы не белгілі?

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Италиядағы Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын тәмамдаған. Мамандығы — экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.

Мансап жолындағы негізгі кезеңдер:

  • 2010–2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасарының кеңесшісі, кейін басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

  • 2011–2014 жж. – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

  • 2014–2016 жж. – Қорғаныс министрінің орынбасары.

  • 2016–2017 жж. – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы.

  • 2017–2018 жж. – Шымкент қаласының әкімі.

  • 2019–2021 жж. – Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

  • 2021 жылдан бастап – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін — Әлихан Бөкейханның туған күні

АҚШ-қа 49 жылға жер жалға беру туралы келісімге Тоқаев қол қойды

Redaktor Shyn-Ar

Семейде соққыға жығылған баланың отбасына қазақстандықтар 24 млн теңге жинап берді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу