«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеуметҚұқық

Енді қыз алып қашқандар 10 жылға сотталады

Енді қыз алып қашқандар сотталады
Көрнекі сурет

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов некеге тұруға мәжбүрлеу ісі үшін қылмыстық жауаптылық енгізілгенін мәлімдеді.

— Соңғы уақытта ұлттық дәстүр деген желеумен, мәжбүрлі түрде қыз алып қашу оқиғалары жиілеп кетті. Негізінде, бұл — адам құқығы мен еркіндігін өрескел бұзу. Мұндай әрекетті Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда «мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті масқара тірлік» деп бағалағаны бекер емес, — деді Қошанов.

Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңнамада бұл мәселе нақты қарастырылмағандықтан, мұндай істердің өте аз бөлігі ғана сотқа дейін жетеді.

— Осыған байланысты депутаттар некеге тұруға мәжбүрлеу ісін қылмыстық жауаптылыққа жатқызатын жаңа норманы енгізді. Бұл өзгеріс мұндай әрекеттерге толыққанды құқықтық баға беруге мүмкіндік береді. Ең бастысы — қыздарымыз бен қарындастарымыздың абыройы мен ар-намысын қорғауға бағытталған, — деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.

Бет-жүзді жасыратын киімге де тыйым салынды

Сондай-ақ отырыс барысында Парламент адамның бет-жүзін тануға бөгет жасайтын киім киюге тыйым салатын норманы да қабылдады. Бұл норма қоғамдық қауіпсіздік пен тұлғаны тану процесін қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Онлайн-саудамен айналысатындар салық төлеушілер тізіміне енгізіледі

«Билік қазақ тіліне қиянат жасады» деу – бос әңгіме — Ерлан Қарин

Мәскеуде Әлихан Бөкейхановтың мүсіні орнатылды