«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Дүкенде 10 мың теңгелік ескі купюралар қабылданбаса не істеу керек? Ұлттық банктің жауабы

Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов 10 мың теңгелік ескі купюраларды қайда айырбастауға болатынын түсіндірді.

Оның айтуынша, қолданыстағы ережелерге сәйкес ескі үлгідегі 10 000 теңгелік банкноттарды әлі де пайдалануға болады. Егер дүкендер немесе басқа сауда орындары оларды қабылдамай қойса, азаматтар ақшаны екінші деңгейлі банктерге немесе Ұлттық банктің филиалдарына өткізе алады. Айырбастауға уақыт шектеуі жоқ.

Бұған дейін Ұлттық банк ескі үлгідегі 10 000 теңгелік купюралардың айналым мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған. Себебі бұл номинал халық пен кәсіпкерлер арасында ең көп қолданылатын ақшалардың бірі.

Қазақстанда «Сақ стилі» деп аталатын жаңа сериядағы банкноттар кезең-кезеңімен айналымға енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 20 000 теңгеден басқа барлық номинал шығарылған. Ал 20 000 теңгелік жаңа банкнотты 2026 жылдың соңына дейін шығару жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік ер адам вейп үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды

Redaktor Shyn-Ar

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫНДА ҒЫЛЫМ ДЕКАДАСЫ ӨТУДЕ

Redaktor Shyn-Ar

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ