«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден озды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын», — делінген жеделхатта.


Талғат Мұсабаевтың өмірбаяны

Туған күні мен жері:
1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Қарғалы ауылында дүниеге келген.

Білімі:
– Рига азаматтық авиация инженерлері институты – «Авиациялық радио жабдықтарын техникалық пайдалану» мамандығы бойынша;
– Алматыдағы ДОСААФ аэроклубы;
– Ақтөбе азаматтық авиациясының жоғары ұшқыштар училищесі.


Еңбек жолы мен қызметтік мансабы:

  • 1974–1975 жж. – Боралдай авиация отрядының радио жабдықтар инженері

  • 1975–1976 жж. – Октябрь аудандық комсомол комитетінің хатшысы

  • 1976–1979 жж. – Азаматтық авиация басқармасының нұсқаушысы

  • 1979–1987 жж. – Алматы авиаотрядының саяси-тәрбиелік жұмыс бойынша орынбасары

  • 1987–1990 жж. – АН-2 және ТУ-134 ұшақтарының екінші ұшқышы, кейін командирі

  • 1991–1994 жж. – Кеңес-австриялық экспедиция құрамындағы ғарышқа ұшу дайындығы

  • 1994 ж. – «Союз ТМ-19» кемесімен алғашқы ғарышқа ұшуы

  • 1994–2001 жж. – Үш мәрте ғарышқа ұшты, соңғысында экипаж командирі болды

  • 2003–2005 жж. – Ресей армиялық авиациясының жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы

  • 2005–2007 жж. – «Бәйтерек» Қазақстан–Ресей бірлескен кәсіпорнының бас директоры

  • 2007–2014 жж. – ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

  • 2014–2016 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы

  • 2016–2017 жж. – ҚР Президентінің кеңесшісі

  • 2017–2023 жж. – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі


Мемлекеттік марапаттары мен атақтары:

  • Халық қаһарманы

  • Ресей Федерациясының Батыры

  • Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, көптеген медальдар

  • Аэроғарыш саласының дамуына сіңірген ерекше еңбегі үшін көптеген халықаралық марапаттарға ие


Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ер адамдардың бос уақыты әйелдерге қарағанда екі есе көп

Қазақ тіліне құрметсіздік көрсеткен дүкен жұрт наразылығын тудырды

Redaktor Shyn-Ar

1 маусымнан бастап қандай жүргізушілерге айыппұл салынады?